Жаңалықтар

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласы мамандары марапатталды

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласы мамандары марапатталды
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 26.11.2023 16:48 814

Жамбыл облысында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімдігінің сілтеме жасап. 

Шара барысында өңір әкімі сала қызметкерлерін құттықтап, марараттарды табыстаған. 

- Агроөнеркәсіп кешені облысымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.  Ел Президенті ауыл шаруашылығы саласының дамуына барынша қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, биыл облыста агрокешенді дамытуға 81,0 млрд. теңге бөлініп, 10 мыңнан аса шаруаға қолдау көрсетілді Нәтижесінде салада 498,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 35,1 млрд. теңге инвестиция тартылды.Сондай-ақ, 374,1 млрд. теңгені құрайтын 28 жоба іске қосылмақ. Биыл аймақта 57,3 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізілді. Су үнемдеу технологияларын пайдалану мақсатында мемлекет тарапынан ұңғыма қазғаны үшін 80 пайызға, инфрақұрылым жүргізген жағдайда 50 пайызға дейін қолдау көрсетіледі. Жалпы заманауи технологияларды енгізуге барлық жағдай жасалуда. Сондықтан алдағы уақытта агросаланы одан әрі дамытуымыз қажет, - деді облыс әкімі.

Жиында бірқатар сала ардагерлері мен үздік мамандарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісі мен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары табыс етілді.

Тараз қаласындағы орталық алаңында ұйымдастырылған іс-шарада қала тұрғындар мен қонақтарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мерекелік шара  спорттық ойындар мен жамбылдық өнерпаздардың концертіне ұласты.

 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға