Жамбыл облысында 81 шақырымды құрайтын жол пайдалануға берілді
07.10.2023 18:19
Фото:
Ашық дереккөзден
Жамбыл облысында жол төсеушілер ұзындығы 81 шақырым болатын "Хантау – Бұрылбайтал" тас жолын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірдегі 189-шы шақырымнан 273-ші шақырымға дейінгі маңызды учаске II техникалық санаттың параметрлеріне сәйкес келтірілді. Мойынқұм ауданындағы Хантау және Бұрылбайтал ауылдары арасындағы барлық учаскеге жаңа асфальт-бетон жабындысы төселген.
Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында мамандар сондай-ақ екі көпір, екі жол өткелін және тоғыз мал өткізу жабдығын салды. Жол жүрушілердің жайлылығын қамтамасыз ету үшін жаңартылған жолға заманауи жарықдиодты жарықтандыру орнатылып, Қияхты ауылының ауданында орналасқан екі санитарлық-гигиеналық қондырғымен қамтамасыз етілді, - деп жазылған компания таратқан ақпаратта.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

