Жаңалықтар

Жамбыл облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді
Фото: Жамбыл облыстық Полиция департаменті 13.01.2024 04:05 942

Өткен жылы Жамбыл облысында есірткі қылмысының 576 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 5 тонна 818 келі есірткі алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр жамбылдық полицейлер қылмыстық топтардың мүшелерін ұстау бойынша бірқатар ірі арнайы операциялар жүргізді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы мен Алматы облысына "героинді" жеткізу арнасының жолы кесілді.

ҰҚКД-мен бірлесіп, Байзақ ауданында есірткі зертханасы жойылды. Жасырын бизнесті ұйымдастырған 5 адам ұсталды. Есірткі өндіру синтетикалық есірткі өндірісінің өнеркәсіптік ауқымына лайықты есептелген. Полицейлер 34 келіден астам синтетика және  4 тонна прекурсорлар тәркіледі. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткі тұтынушыларға жеткізілетін 6 миллионнан астам доза жойылды, - деді Жамбыл облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Синтетикалық есірткіні сақтағаны және сатқаны үшін 20 адам ұсталған. Заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленген. Сонымен қатар облыс орталығында  құрамы 4 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Солардың бірі - Тelegram парақшасында бес мың жазылушысы бар оператор синтетикалық есірткіні тарату үшін адамдарды жалдап, Атырау және Алматы қалаларына синтетикалық есірткіні өткізу арнасын ұйымдастырған. Жедел қызметкерлер 608 грамм мефедрон есірткісін тәркіледі.

Арнайы іс- шаралардың қорытындысы бойынша героин тобына жататын есірткілерді сатудың ірі арнасы жойылған. Бұрын осындай әрекеттері үшін сотты болған 63 жастағы зейнеткер әйел ұсталды. Ал Байзақ ауданы тұрғынының үйін тінту барысында 3430 дана "травмадол", 90 "самнол" және 138 "тропикамед" табылған. Бұл препараттар қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде сатуға арналғаны анықталған екен.

Оқи отырыңыз: 

"Қарасора" іс- шарасы бойынша Шу алқабынан 1 тонна 293 келіден астам есірткі тәркіленген Осыған қатысты басқа облыстарға оны тасымалдап әкету бойынша жабайы қарасораны шабу және дайындау кезінде 15 адам ұсталды.  Сондай-ақ қарасора өсірудің 20  дерегі анықталып, 1800 келіден астам қарасора табылған.

Қарасора тажалын жеңу үшін жамбылдық полицейлер барлық қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдалануда. Жерді жырту, Шудың шөбін "шалғымен" шабу және өртеу арқылы 220 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды. Облыста прокуратура органымен бірлесіп, "Narko Shekteu Taraz" Telegram-боты іске қосылды. Ол арқылы тәулік бойы тұрғындар түрлі есірткі қылмыстары туралы хабарлай алады. Ал осыған қатысты құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, шаралар қолдана алады делінген полиция ақпаратында.

Қазірдің өзінде бұл Telegram-ботқа 1579 өтініш-талап келіп түсіпті. 1383 интернет-сайт бұғатталып, 392 есірткі жарнамалаған граффити жазулар жойылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға