Жаңалықтар

Жамбыл облысында 21 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Жамбыл облысында 21 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды
Фото: Видеодан алынған кадр 17.06.2023 07:06 1275

2023 жылдың бес айында Жамбыл облысы аумағында 224 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 45 есірткі өткізу дерегі, 34 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 3 есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі, 6 есірткі контрабандасы. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңсыз айналымнан 540 келіге жуық есірткі алынды, оның ішінде 519 келіге жуық марихуана, 16 келіге жуық гашиш, 38 грамм героин, 21 грамм синтетикалық есірткі құралдары және т.б.

1 маусым күні басталған «Қарасора-2023» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жыл сайын полицейлер құмды аймақтардан жабайы қарасораны алып кету арналарын жабу бойынша операциялар жүргізеді. Тек бір Байзақ ауданында шабу және өртеу арқылы 18,7 гектар жердегі 20 тонна 456 келі жабайы қарасора жойылды, - делінген ҚР ІІМ таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға