Жаңалықтар

Жамбыл облысында 21 қару мен 500-ден астам патрон тәркіленді

Жамбыл облысында 21 қару мен 500-ден астам патрон тәркіленді
Фото: polisia.kz 03.03.2023 20:16 931

Жамбыл облысында 27 ақпан - 10 наурыз аралығында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция қызметкерлерімен төрт тәулік ішінде 244 рейдтік іс-шара өткізілді, 200 шаруа қожалығы тексерілді. Тексеру барысында заңсыз айналымнан 21 қару мен 553 түрлі калибрлі патрон тәркіленді. Барлық алынған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері 670 қару иесін тексерді, қаруды сақтау, алып жүру ережелері және оны қайта тіркеу тәртібі бұзылған 42 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Сақтау ережелерін бұзған қару иелерінен ішкі істер органдарында тіркелген 31 қару тәркіленді. Жамбыл облысының полиция департаменті атыс және суық қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтайтын азаматтарға оларды тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына, яғни учаскелік полиция инспекторына, кезекші бөлімге және басқа да бөлімшелерге тапсыруды ескертеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға