Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚХА МҮШЕЛЕРІ АҚЫРТАС КӨНЕ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚХА МҮШЕЛЕРІ АҚЫРТАС КӨНЕ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ
09.07.2019 10:30 5968

Ақыртас қаласы Тараз қаласының шығысында қырық шақырым жерде, Ақшолақ теміржол бекетінен алты шақырым оңтүстікте орналасқан.

Көне қаланың қалдықтары бүгінде тек еліміздегі жұртшылыққа ғана емес, алыс-жақын шет елден келетін саяхатшылардың көзайымына айналған құтты мекен.

Осынау тарихи жәдігерді көзбен көруге Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдері де барып қайтты.

IMG_4113.JPG

Аты тарихта алтын әріппен жазылар Ақыртас қаласының орналасқан аумағын аймақағы алты этномәдени бірлестіктен келген шеберлер мен шығармашыл жастар - барлығы отызға тарта адам тамашалап қайтты.

Мұндағы басты мақсат - Қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын біріктіріп, ҚР халқының қоғамдық санасына енгізу жүйесін қалыптастыру.

IMG_4141.JPG

Бұл жоспарланған «Мұрагер-сақтаушы-жасаушылар», «Мәдени даму», «Туған жер – Туған ел» атты үш жобаның негізінде жасалған бірінші экскурсия.

VII-VIII ғасырларға тән бірегей тас құрылысымен танысу саяхаты шеберлер мен жастар үшін облыс туралы тарихи білім көзі және өздерінің жеке шығармашылық жобаларын жасау үшін мықты шабыт болды. Оған себепте жоқ емес. Ел назарына ерекше ілінетін тарихи орынның қойнында жатқан құпия әлі де көп.

Қалашықты 130 жылдан астам уақыттан бері әлі зерттеп бітпеген. Ғалымдар бұл қаланың құрлысы туралы қандай да бір толық шешімге келе алмай отыр. 

общая.jpg

Ақыртасқа бағытталған саяхатты бастап барған Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Вера Майкович өз сөзінде: «Бұл экрскурсия арқылы жалпы қазақ халқының тарихы, мәдениеті, көркем дәстүрлері туралы Қазақстан этностарының білім деңгейін көтеру және халық шығармашылығы шеберлерінің кәсіби және көркемдік деңгейін арттыруымыз қажет», — деп атап өтті.

Сондай-ақ, этностарды қазақ халқының құндылықтарын қабылдау және рухани игеру арқылы топтастыру, қолөнерін, мәдени және көркем дәстүрлерін жас ұрпақ бойына дарыту басты міндет екенін тілге тиек етті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға