Жамбыл облыстық ҚХА-сы Шу қаласында өрттен зардап шеккен отбасыға қол ұшын берді
Жамбыл облысына қарасты Шу ауданында үйін өрт құшқан Татьяна Ивашкина есімді азаматшаның қайғысына ортақтасып, қол ұшын бергендер қатары көп болды. Жаны жомарт жандар зардап шеккен отбасыға барынша көмек көрсетті.
Жамбыл облыстық «Шиват Цион» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Людмила Корнилина Татьяна Абрамовна және оның мүмкіндігі шектеулі әрі іс-әрекетке қабілетсіз ұлына қомақты көмек көрсетті. Қарт әйелдің қайғысына Шымкент қаласының еврей қауымы да ортақтасып, 175 000 мың теңге көлемінде ақшалай жәрдемдесті. Сондай-ақ, қауымдастықтың кеңсесіне қайырымды жандардың көмегі ретінде тұрмыстық қажетті заттар, төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ, азық-түлік және ақша түрінде көмек молынан келіп түсті.
Демеушілердің көмегімен жиналған ақшаға сатып алынған құрылыс материалдары мен басқа да қажетті заттар Шу ауданына зардап шеккен отбасыға толығымен жеткізілді.
Зардап шегуші отбасыға барлығы 415 000 теңгегенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.