Жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларацияны кімдер тапсырады?

Жалпыға бірдей декларацияны кімдер тапсырады?
Фото: коллаж El.kz 09.01.2025 17:33 187

2025 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңі басталады. Оны шамамен 8 млн адам тапсырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы министрлікте өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі мақсаты – әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірістерін бақылау тетігіне алу, сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикамен күресу. Декларациялау төрт кезең бойынша жүзеге асып келеді. Биыл төртінші кезең басталады. Оны шамамен 8 млн адам тапсырады, – деді Ерсайын Көптілеуұлы.

250 нысаны бойынша декларацияны кімдер тапсырады?

– шетелде мүлкі бар азаматтар

– сот орындаушылары

– адвокаттар

– сайланбалы қызметкерлер, депутаттар

Шетелдегі мүлікке не кіреді?

– жылжымайтын мүлік

– көлік

– шетелдік банктегі есепшот (мың АЕК көлемінен асқан жағдайда)

– Инвестициялыұ бағалы металдар

– брокерлік есепшоттар

270 нысаны бойынша декларацияны кімдер тапсырады?

– мемлекеттіқ қызметкерлер және олардың жұбайлары

– заңды тұлғалар

– акционерлер (үлесі 10 пайыздан асатын)

Сонымен қатар, ел арасында мөлшері 20 мың АЕК көлемінен асатын мүлік сатып алғандар оны қандай ақшаға және қалай сатып алғандары туралы 270 нысаны бойынша декларация тапсыруға міндеттеледі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға