Жаңалықтар

Жалғыз баламен 20 жыл жүрдім - Өмірқұл Айниязов

Жалғыз баламен 20 жыл жүрдім - Өмірқұл Айниязов
Фото: instagram.com/omirkul_ainiyazov 28.11.2023 18:33 23202

Әнші Өмірқұл Айниязов жылдар бойы көпбалалы әке болуды армандағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жақында ұлын үйлендірген әнші тағы да әке атанады. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әнші тағы бір ұлды болмақ.

Жалғыз баламен 20 жыл жүрдім. Сосын мен бұл тағдырға көндіккен едім. Екінші әйел алу, ажырасып, басқа әйел алу деген сияқты түрлі ойдың бәрі келіп-кетіп, депрессия болдым. Сосын осы бір бала берген Аллаға шүкір деп тағдырға көндіктім. Сөйтсем, Алланың берері әлі бар екен. Өздеріңіз білесіздер. Бұл мүлдем өмірімдегі ерекше құбылыс болды. Сондықтан өмір бойы Нұртуғанмен тұрып, Нұртуғанмен бала бағып, ата-әже боламын деп ойлағанмын. Біз асыққанмен Алла асықпайды екен, - дейді әнші.

Өнер иесі тамыз айында ұлын үйлендіріп, дүбірлі той өткізді. «Ұйқым келмейді» бағдарламасына келген Айниязов салтанатты іс-шараның қызықтарын еске алып, құдаларына қанша қалыңмал бергенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға