Жалғас Жұмағұловтың октагонға қашан оралатыны анықталды
23.09.2024 16:50
Фото:
instagram/zhumagulov_zhalgas
UFC-дің бұрынғы мүшесі Жалғас Жұмағұлов ММА-дегі үздік лигалардың бірі Octagon-да дебютін өткізбек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір жерлесіміздің қарсыласы да, айқас өтетін күн де белгілі.
Отандасымыз октагонда уэльстік Аарон Эбидің әуселесін байқап көреді. Бұл туралы Alash MMA Warriors-тің Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Жалғастың қарсыласының еншісінде жеңіс те, жеңіліс те бар. Оның айқастарының басым бөлігі төрешілер шешімімен аяқталған. Бұған дейін октагонға Сэм Крисимен шығып, төрешілер бірауыздан жеңісті қарсыласына берген. Аарон Эби карьерасында 9 рет жеңіліс құшып, 14 рет жеңіп шыққан.
Жалғас Жұмағұлов соңғы айқасын сенімді жеңіспен аяқтады.
Кездесу 9 қарашада Словакияда өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

