Жаңалықтар

"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады

"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Фото: Pixabay 15.12.2024 19:39 102

TSARKA боттардың белсенділігі өте жоғары деңгейде артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Апта басынан бері Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы (TSARKA) әлеуметтік желілерде Талғар қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты талқылаулар аясында жоғары белсенділікті тіркеді. TSARKA кейбіреулердің күн тәртібіндегі маңызды оқиғаны қалт жібермей, өздерінің жеке мақсаттарын орындау үшін осы жағдайды пайдаланып жатқанын айтады.

Алматы және басқа да қалаларда митингілер туралы ескі бейнелерден монтаждалған жалған ақпарат таралып жатыр.

Ең көп жарияланымдар TikTok және Instagram платформаларында тіркелген. Мысалы, TikTok-тағы бір видео 3 күн ішінде 850 мың қаралым жинады. Онда жалған митингілердің бейнелері таратылған.

Аккаунттар мен пікірлерді (жалпы саны 50 000-нан астам) талдау олардың скоординацияланған боттар әрекеті екенін көрсетті.

Біз сіздерге интернеттегі ақпаратты сын көзбен қарауға және оның дереккөздерін мұқият тексеруге кеңес береміз, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға