Жаңалықтар

Жалданып қой баққан: Шымкентте 48 жастағы ер адам іздестірілуде

Жалданып қой баққан: Шымкентте 48 жастағы ер адам іздестірілуде
Фото: © El.kz 29.09.2023 17:11 1071

Абай АПБ-на жергілікті азаматша інісінің жоғалғанын айтып арызданды. Ол маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әпкесінің айтуынша бауыры жалданып, қой бағумен айналысқан. Ұялы телефон қолдануды білмейді. Үйіне ай сайын келіп тұрған. Осы жолы ештеңе ескертпестен шығып кетіп, 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.
 
Тансыкбаев Асен - 1975 жылы туған. Бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқ киім болған. 

Егер, суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер бірден полицияның «102» арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласыңыздар.

Жалданып қой баққан: Шымкентте 48 жастағы ер адам іздестірілуде

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға