Жаңалықтар

Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға өсті

Орташа айлық атаулы жалақының төмен деңгейі ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында.
Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға өсті
02.07.2022 08:22 1091

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алғанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 231 476 теңгені құрады, деп хабарлайды Еl.kz.

Жалақы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 17,7%-ға өсті, нақты мәнде өсім 9%-ды құрады.

«Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды ескере отырып, орташа айлық жалақының ең көп өсуі өткен жылмен салыстырғанда денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 29,7%-ға, білім беру саласында – 24,1%-ға, қаржы және сақтандыру қызметінде - 21,1%-ға, өзге де қызмет түрлерін ұсыну саласында - 21,2%-ға байқалды», – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Салалар арасында ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 477,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 437,1 мың теңге (1,9 есе), ақпарат және байланыс саласында - 330,1 мың теңге (1,4 есе), кәсіптік білім беру саласында - 477,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары), ғылыми және техникалық қызметке – 305,8 мың теңге (тиісінше 1,3 есе).

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алғанда, орташа айлық атаулы жалақының төмен деңгейі ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында – 135 430 теңге, сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында - 155 524 теңге белгіленген.

Өңірлер арасында шағын кәсіпорындарды есепке алғанда ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында белгіленді – 379 901 теңге.

Бұл ретте Шымкентте оның шамасы 170 397 теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 26,4%-ға төмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға