Жаңалықтар

Жалақы 300 мың теңге болады. Министр халықты қуантып қойды

Жалақы 300 мың теңге болады. Министр халықты қуантып қойды
Фото: primeminister.kz 12.07.2023 12:49 8781

Коммуналдық сала қызметкерлерінің, яғни сантехник, электрик, дәнекеушілердің жалақысы 50%-тен 100%-ке дейін көтеріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша орташа жалақы сала мен өңірге байланысты 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін өседі. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 200 мыңға жуық жұмысшыға әсер етеді, - деді министр.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бұл коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 22-бабына өзгерістер енгізілуінің нәтижесінде іске асырылады.

Оқи отырыңыз:

Екіншісі – иесіз желілерді кезең-кезеңімен беру. Осылайша 25 мың шақырымнан астам коммуналдық желі сенімгерлік басқаруға және коммуналдық меншікке берілуі тиіс.

Министр қабылданған түзетулер коммуналдық кәсіпорындардың иесіз желілерді ұстауға және пайдалануға жұмсаған шығындарын өтеуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға