Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды берумен айналысқан ұйымдасқан топ құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды EL.KZ.
Ұйымдасқан қылмыстық топ Көкшетау қаласында 2016 жылдың ақпан айынан 2019 жылдың шілде айына дейінгі аралықта өз қызметін жүзеге асырған кезеңде мүліктік пайда алу мақсатында контрагент кәсіпорындарға тауарларды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, бірнеше рет жалған шот-фактуралар берген.
Кейін заңсыз жолмен алынған қаражат ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арасында таратылған. Салық төлеуден жалтару арқылы «Фирма Строинвест Астана» ЖШС, «Алад-Көкше» ЖШС мемлекетке жалпы сомасы 184 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Сот үкімімен кінәлілер жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу арқылы қылмыстық жолмен табылған сомадағы қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды - делінген агенттік ақпаратында.