Жаңалықтар

Жақын 5 жылда әлемді өзгертетін 5 технология

Әлемді не күтіп тұр?
Жақын 5 жылда әлемді өзгертетін 5 технология
23.04.2018 17:18 6272

ІВМ-нің зерттеушілерінің айтуынша, бұл инновациялар мен жаңа технологиялар әлемді өзгертуге қауқарлы.

Квантты есептеу

Зерттеушілер үшін квантты есептеу ойын алаңы іспеттес болғанымен, жақын бес жылдықта кәсіпқойлардың нағыз көмекшісіне айналады. Шешімі жоқ боп көрінген барлық проблемалардың жауабын оңай табуға мүмкіндік туады. Квантты есептеу жақын уақыттары университеттер мен жоғары сыныптардың сабағына кіріктірілуі ғажап емес.

ІВМ зерттеушілері қазірдің өзінде ең қиын молекула гидрид бериллиясында (BeH2) атомдық байланысты моделдеу жұмысын жүргізді. Бұл бұрын-соңды кванты компьютермен болмаған моделдеу. Болашақта осы секілді ең-ең қиын деген проблемалар шешімін тауып, квантты есептеу классикалық машиналармен жасап жүрген барлық ғажайыптарымызды басып озатын болады.

Криптография және блокчейн

Жақында ІВМ тұздың түйіршігіндей болатын микрочип ұсынды. Оның өзіндік құны шамамен 10 цент көлемінде. Ал қуаттылығы 1990 жылдардағы компьютермен бірдей. Микрочип блокчейн технологиясын көтере алады, сондай-ақ, басқа да сәйкесетін бағдарламаларға қызмет етеді.

Болашақта осындай кіп-кішкентай чиптер «криптографиялық якорь» ретінде тауарлардың қоюылуын қадағалап, азық-түліктердің қауіпсіздігін бақылауға алатын болады. Ал тұтынушылар болса, тауардың шыққан жерінен бастап, сатылымға түскенге дейін жолын бақылай алады.

Тордағы криптография

Соңғы технологияның ізіне түсіп, хакерлердің алдын орау үшін ІВМ шифрлау әдісін жетілдіріп жатыр. Бұл қиын алгебралық құрылымдарға құрылған «тордағы криптография» деп аталатын постквантты шифрлауға артылып жатқан үміт зор.

ІВМ өкілдерінің сөзіне сенсек, болашақтағы квантты компьютерлердің өзі бұл шифрлауды бұзуға шамасы жетпейді екен. Осы технология маңызды деген құжаттарды хакерлердің шабуылынан қорғайтын болады.

ЖИ робот-микроскоптар

Жақын бес жылдықта жасанды интеллект пен роботизацияның көмегі зор болмақ. Олар қазіргі ғаламдық проблемаға айналып отырған әлемдік мұхиттың ластануына бақылау жүргізетін болады. Алдағы уақытта автономды микроскоптардың толық желісі орнатылып, жайсыздық кезде сигнализация алуға мүмкіндік туады.

Бұл жерде әңгіме төрткүл дүниеге таратылған бұлтқа біріктірілген микророботтар туралы болып отыр. Олар планктонның жүріс-тұрысын бақылай алады. Өз кезегінде планктон теңіздер мен мұхиттардағы зиянды заттардың құрамын сипаттай алатын биологиялық тетік. Осылайша, су құрамының өзгеріске ұшырауын жылдам түрде анықтауға болады.

 Алдын ала нақтыланбаған жасанды интеллект

Жасанды интеллект туралы ағат пікір қалыптаспас үшін, қазіргі уақытта ІВМ сенімге кіретін жүйелермен жұмыс жасап жатыр. Осы мақсатта компанияның зерттеушілері ЖИ-дің оқу материалдарын жинауда қолдануға болатын, әрі ағат пікірді азайтатын әдіс ойлап тапты. Мұндай амал объективті жүйені даярлауға, сондай-ақ теңсіздіктің кең таралуына жол бермейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға