Жаңалықтар

Жағдайым мәз емес. Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы нашарлағанын айтты

Жағдайым мәз емес. Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы нашарлағанын айтты
Фото: instagram.com/zhuldizay_duisenbieva 26.05.2023 10:10 15317

Кезінде «Шаншар» әзіл-оспақ театрының арқасында жұлдызы жанған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы күрт нашарлап кеткенін айтып, жанкүйерлерін алаңдатып қойды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Қыз-келіншектер, “Ойбай, ата-енем, күйеуім” деп шапқылай бермей, өздеріңізді күтіңіздер. Ауырсаңыз ешкімге керек емессіздер. Бүгін дәрігер қабылдауында болдым. Жағдай мәз емес. Дегенмен үміт бар. “Ашуланбаңыз, сізге болмайды” дейді. Мені ашуландырып жатқандар, сендердің кесірлерің тиіп кетіп жүрмесін. Маған әлі өмір керек. Аянатым үшін, Алла шипа берші, - деп жазды актриса. 

Бұған дейін оған операция жасалғанын жазғанбыз.

Айта кетейік, Жұлдызай Дүйсенбиева бірнеше рет денсаулығы бергенін айтқан. Әсіресе, соңғы уақытта қан қысымының жиі көтеріліп жүрген болатын.

«Шаншардың» бұрынғы жұлдызы бүгінде бір қызды тәрбиелеп отыр. Ол болашақта тағы да балалы болуға ниетті екенін білдірген еді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға