Жаңалықтар

"Жабық кабина, камера". Мектеп дәретханаларына өзгеріс жасалады

"Жабық кабина, камера". Мектеп дәретханаларына өзгеріс жасалады
Фото: © Pixabay.com 13.10.2023 16:45 870

Қазақстандағы білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға түзетулер енгізіледі. Бұл туралы "Ашық НҚА" сайтында заң жобасы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жобада көрсетілгендей, балалар мен жасөспірімдердің дәретханасы екі түрлі болады.

Дәретханалар, қолжуғыштар, қол жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағазы, дәретхана қағазын ұстағыштар, қоқыс жәшіктері. Мектепалды даярлық сыныптары үшін балалар дәретханалары орнатылады. Оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған дәретхана есіктері құлыпталатын жабық кабиналарға орналастырылады, – делінген құжатта.

Түзету жобасы ата-аналардың шағымына байланысты дайындалған. Ата-аналар дәретхананың құлыпталмайтынын, дәретхана қағазының жоқтығын айтып шағымданған болатын.

Бұл талаптар қатаң талаптар емес, нақтылау үшін ұсынылуда. Бұл ұсыныстар халықаралық мектеп стандарттарын, сондай-ақ ДДҰ-ның тиісті талаптарын ескере отырып дайындалды, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп дәретханаларына бейнекамера орнатылу туралы бастама көтергенін айтқан болатын.

Әрине, мектеп дәретханаларына камера орнату туралы бастамалар бар. Бірақ бұл мамандардың мұқият талқылауын талап етеді. Өйткені бұл әлі жеке өмір. Бір мәселе шешілгенімен, екіншісі мәселе шығуы мүмкін, бұл жеке өмірге қол сұғушылық болып табылады, – деді Ғани Бейсембаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға