«Жабайылық»: Алматыда тегін билетке таласқандар көпшіліктің ашуын туғызды
26.05.2025 16:46
Фото:
Видеодан алынған кадр
Алматыда жаңа ашылған аквапаркке арналған жарнамалық акция төтенше жағдайға ұласа жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сауда орталығында өткен шара аясында алғашқы 100 келушіге аквапаркке тегін билет уәде етілген, бұл жаңалықты естіген халық сауда орталығына лап қойды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан адамдардың сауда орталығының есігі ашыла салысымен жаппай жүгіріп кіргенін, бір-бірін итеріп, басып-озуға тырысқанын байқауға болады.
Пікір білдірушілер:
«Сонда бір билет үшін адамгершіліктен айырыламыз ба?», «Есік ашылғанда эвакуация басталғандай көрінді!», «Мұндай әрекетке қарап, ұялып отырмын...», «Жабайылық», - деп жазып жатыр.
Акцияны ұйымдастырушылар бұл жайтқа байланысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

