Жаңалықтар

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

Лондондағы Табиғат тарихы музейі дәстүрлі «Жабайы табиғаттың үздік фотографы» атты мәртебелі халықаралық байқаудың жеңімпаздарын жариялады.
20.10.2015 04:28 12801

Лондондағы Табиғат тарихы музейі дәстүрлі «Жабайы табиғаттың үздік фотографы» атты мәртебелі халықаралық байқаудың жеңімпаздарын жариялады.

Байқау бірнеше номинация бойынша жүргізіледі. Олардың қатарында: «Әсер», «Аспаннан қарағандағы көрініс» және «урбанизм» номинациялары да бар. Қазылар алқасына 96 мемлекетте түсірілген 42 мың фото ұсынылды.

Назарларыңызға ең қызықты кадрлар мен олардың тарихын ұсынамыз. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

1. Байқау жеңімпазы – осы фото. Жаһандық жылынудың әсерінен түлкілер канадалық тундраның солтүстігіне, поляр түлкілері мекен ететін жерге, көшуге мәжбүр. Олар бір-бірімен бәсекелес (екеуі де лемминг секілді шағын сүтқоректілермен қоректенеді) қана болып қоймай, бір-бірін жеуге де барады – түлкілер өз «туыстарымен» қоректене береді. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

2. Брайда жолақ киті сардина үйірін қақ жарып өтіп, мыңға жуық балықты бір жұтыммен қорек қылуда. ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы) шығыс жағалауының жанынан өте жыл сайынғы миллиардтаған сардиналардың миграциясы мыңдаған жыртқышты қызықтырады. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

3. Екі комод айдаһарлары ұрпақ жалғастыру үшін бір-бірімен тартысуда. Бұл варандар – әлемдегі ең үлкен кесіртке саналады, салмағы 150 килограмға дейін барады. Жекпе-жек кезінде олар артқы аяғына тұрып тырнағымен қарсыласының қалың терісін тесуге тырысады. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

4. Бір күні исландиялық фотограф еріген қар арналармен аға отырып, ағашқа ұқсас сурет жасайтын байқайды. Фотогра бұл сәтті жібермей, фотоға түсіріп алады. Фото «Бөлшектер» категориясы бойынша жеңімпаз атанды.

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

5. Жыл сайын қарлығаштар испан фотографы Хуан Тапияның фермасындағы бір ескі қоймаға ұя салады. Тапия кенепке кішкене тесік жасап, оның терезеге іліп қояды. Әлгі тесік қарлығаштар қоймаға кіру үшін жасалған. Бірер сағаттан соң Хуан өзінің үздік туындысына қол жеткізді. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

6. Ұзын мұрынды қоңыздар жұбы (ұзындығы бірнеше милиметр) жапырақ бетіндегі тамшы болып көрініп, табиғатпен үйлесім таба отырып, шағылысуда. Біренеш сағатқа созылатын шағылысудан кейін ұрғашы қоңыз жапырақты тесіп жұмыртқаларын сол жерге жасырып қояды. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

7. Оңтүстікафрикалық фотограф Том Пещак серфинг тақтайында жүзіп бара жатқан адам мен оның жанында жүзіп жүрген акуланы фотоға түсіру арқылы акула мен серферді «достастыруға» тырысқан. Бұл балықтардың өзгелерінен айырмашылығы сол, оларда Лоренцини ампулалары (қоршаған ортаның электрлік сигналдарын қабылдауға мүмкіндік береді) бар. Фотодағы серфинг тақтайы осы акулаларды үркітетін электрмагниттік маякпен жабдықталған. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

8. Швед фотографы Ганс Штрандт бұл фотоны жаңбырлы ауа райы кезінде Исландияның үстімен ұшып бара жатып түсірген. Суреттегі тау мен ондағы мұздықтар күлмен жабылған. Күл жамылғысы бұл маңда жақын арадағы вулкандардың атқылауынан пайда болған. Соңғы 500 жылдағы вулкан атқылауларының 1/3 бөлігі дәл осы Исландияда болған. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

9. Чарльз Джеймс африкалық грифтердің өз олжаларымен қоректенуін түсіруге көптеген сәтсіз талпыныстар жасады. Жалғыз сәтті шыққан мына фотода Рюппель грифтері мен африкалық грифтер зебраның етін жеуде. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

10. Ұлыбританиялық фотограф Ричард Петерс түлкіні суретке түсіріп, «урбанизм» категориясы бойынша жеңіске жетті. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

11. Өрт Голландиядағы аршагүл өсетін жерден түгелдей жайпап кеткен. Алайда бірінші болып өсетін өсімдіктерге (мысалы, фотодағы қарағай бұтағына) мұндай өзгерістер пайдалы, бәсекелестер аз, жарық көп, күл топырақтың өнімділігін көбейтеді. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

12. Оңтүстікафрикалық фотограф Вим ван дер Хивер қорек іздеген леопардты аңдып, үшінші күні сәтті кадрге қол жеткізді. Фотографты таңғалдырғаны басқа нәрсе – әдетте жыртқыш өз қорегін торуылдайды, бірақ бұл жолы ол өз олжасын жазық даладан іздеді. Барлығы көзді ашып-жұмғанша орын алды: леопард қарақұйрықты шап берген сәтте ван дер Хивер сәтті фото түсірді. Мұндай астан кейін леопард екі аптаға дейін тамақтанбай жүре алады. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

13. Натрон (Танзания) тұзды әрі сілтілі көлінің ақ-қара гаммасы ұшақтан алқызылт қанаты бар фламингоны фотоға түсіруге өте жақсы фон болып тұр. Көлдің сілтілігі оны көптеген тіршілік иелері үшін улы етеді, алайда фламинголар мұндай ортада өздерін еркін сезінеді. 

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

14. Намибиядағы 2013 жылғы қатаң құрғақшылық мыңдаған орикс бөкендерінің аштықтан және шөлдеуден қырылуына әкелді. Орикстер құрғақ климатқа мейлінше төселген. Олар мұндай төземділікке дене температурасын 45 градусқа дейін көтеріп, бірнеше апта бойы сусыз жүру арқылы арқылы қол жеткізген.    

Жабайы табиғаттың үздік фотолары 2015 (ФОТО)

15. Сулавеси аралындағы айдарлы павиандардың үйірін көптеген сағат бойы аңдыған Петр Бамбусектің шыдамдылығы өзін-өзі ақтады: еркек павиан көлеңкеге барып, фотографқа тіке қарап тұрды. Фотографтың айтуынша, оның көзі қатты әсер қалдырған екен. Бұл маймылдар жойылып кету алдында: адамдар осы биологиялық түр өмір сүретін орман ағаштарын кесіп, павиандарды еттері үшін өлтіруде. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға