Жаңалықтар

«Жаңғыру жолы» қозғалысының облыстық штабы құрылды

«Жаңғыру жолы» қозғалысының облыстық штабы құрылды
09.04.2018 12:27 1682

9 сәуір күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының облыстық штабы құрылды.

Шараға ШҚО Қазақстан халық Ассамблеясның Жастар лигасның  мүшелері мен   этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты және облыстық белсенді жастар қатысты.

Отырыс барысында ШҚО Қазақстан халық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Қисаұлы шара қатысушыларына 2018-2020 жылдарға арналған «Жаңғыру жолы» қозғалысының Стратегиясы мен ережелерін түсіндіріп берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына қолдау көрсету, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталып құрылған штабқа төраға ретінде дауыс беру нәтижесі арқылы Татар этономәдени бірлестігінің белсендісі, Шешен-ингуш  «Вайнах» хареографиялық тобының жетекшісі Юнусов Равиль тағайындалды.

Шара соңында «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының облыстық штабы кабинетінің салтанатты ашылуы болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға