Жаңалықтар

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

El.kz порталы Сіздер үшін ең қызықты әрі көңілді жаңа жылдық мультфильмдер топтамасын ұсынады.
22.12.2015 05:37 13054

Жаңа жыл - әр баланың асыға күтетін мейрамы. Ғажайып сиқыр мен әдемі сыйлықтарға толы бұл күн балапаныңыздың есінде ұзаққа қалсын десеңіз, жанұяңызбен бірге керемет мультфильмдерді тамашалауға асығыңыз! El.kz порталы Сіздер үшін ең қызықты әрі көңілді жаңа жылдық мультфильмдер топтамасын ұсынады. Жаңа Жыл жаңа қуаныштармен басталсын!


Зима в Простоквашино - жанұямен бірігіп тамашалайтын керемет мультфильмдердің бірі. Дядя Федор, Матроскин мен Шариктің көңілді оқиғасын бірге тамашалайық. 

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

Снежная королева - Ганс Христиан Андерсонның ертегісі балалардың сүйікті мультфильміне айналғаны сөзсіз. Батыл Герда досы Кайды іздеп табу үшін ештеңеден де тайынбайды. 

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

Шрек мороз, красный нос - Шректің көңілді жанұясы Жаңа Жылды ерекше атап өтпекші. Ертегі әлеміне бірге саяхаттайық. 

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

Ледниковый период - гигантское рождество - сықырлаған аяз да, жапалақтап жауған қар да жаңа жылдық көңіл-күйді бұза алмас. Керемет мультфильмді жанұяңызбен жиналып тамашалаңыз!

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

Пингвины из Мадагаскара: операция "С новым годом" - Мадагаскар елі қызыққа толы әлемге шақырады. Бізбен бірге Жаңа Жылды қарсы алыңыздар! 

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

Рождественский Мадагаскар - Жаңа жылдық әуен мен керемет бидің куәсі болыңыздар! Мадагаскарлық достар сіздерді қуана күтеді. 

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

Помощник Санты - мейірімді Сантаның өз көмекшілері бар. Бұл мультфильм ашық та жарқын Сантаның көмекшісі жөнінде болмақ. Көп серияға созылатын бұл мультфильм жаңа жылдық демалысты жақсы өткізудің кепілі.

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

Полярный экспресс - Жаңа жылдық ғажайып пен Сантаға сенбейтін кішкене балдырған Солтүстік полюске аттанады. Таң-тамашаға толы Санта әлеміне бірге аттанайық.

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

Секретная служба Санта Клауса - балалардың да, ата-аналардың да сүйікті мульфтильміне айналатын нағыз тамаша оқиға. Жаңа жылдық көңіл-күйіңіз көтеріңкі болсын! 

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

Рождественская история - Скрудж атты кейіпкердің шытырманға толы оқиғасы сізді таң қалдырмай қоймайды. Бірге тамашалайық!

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы

Приготовление и начало - бұл мультфильм жаңа жылдық сыйлықтарды таратып жүрген эльфтер туралы болмақ. Мерекелік қарбаластағы эльфтердің тіршілігін тамашалаңыз. 

Жаңа жылдық мультфильмдер топтамасы


Айша АХМЕТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға