Жаңалықтар

Жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы өседі

Жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы өседі
Фото: baq.kz 15.06.2022 12:03 2723

Ғылым және жоғары білім министрлігі Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және олардың мөлшерлеріне өзгерістер дайындады деп хабарлайды El.kz порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері: 

даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 36660 (отыз алты мың алты жүз алпыс) теңге;

жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге –  58800 (елу сегіз мың сегіз жүз) теңге;

жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерге - 58800 (елу сегіз мың сегіз жүз) теңге;

интерндерге – 61660 (алпыс бір мың алты жүз алпыс) теңге;

магистранттарға – 86987 (сексен алты мың тоғыз жүз сексен жеті) теңге;

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 162500 (бір жүз алпыс екі мың бес жүз) теңге;

докторанттарға – 195000 (бір жүз тоқсан бес мың) теңге;

даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға 195000 (бір жүз тоқсан бес мың) теңге;

даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша дәрігер-резиденттерге және магистранттарға - 100036 (жүз мың отыз алты) теңге;

мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендиядан төмен емес деңгейде;

техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 21787 (жиырма бір мың жеті жүз сексен жеті) теңге мөлшерінде белгіленеді.». 

Техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 20948 (жиырма мың тоғыз жүз қырық сегіз) теңге мөлшерінде белгіленеді.

Жеке тұлғаларға мемлекеттік стипендияларды төлеу алушылардың таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте не пошта операторында ашылған ағымдағы шотқа олардың сомаларын аудару арқылы жүзеге асырылады.

Құжат 29 маусымға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға