Жаңалықтар

Жаңа құрылған облыстарға жерге кадастрлық кодтар берілді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығының Жер қатынастары комитеті мәлімдеді
Жаңа құрылған облыстарға жерге кадастрлық кодтар берілді
Фото: inform.kz 25.07.2022 20:28 1251

ҚР Ауыл шаруашылығының Жер қатынастары комитеті «Ашық НҚА» порталына жаңадан құрылған облыстардың, олардың құрамына енген аудандар мен қалалардың кадастрлық кодын белгілейтін бұйрық жобасын жариялады, – деп хабарлайды El.kz.

Құжат жобасы бойынша, Абай облысына – 23, Ұлытау облысына – 25, Жетісу облысына – 24 деген кадастрлық код берілмек.

Қонаев қаласы Қапшағай болып тұрған кездегі кадастрлық кодын сақтап қалды – 055.

Сондай-ақ Абай облысындағы Курчатов қаласының кадастрлық коды – 217, Ақсуат ауданының коды – 333 болатыны айтылған.

Ал Шығыс Қазақстан аумағында қайта құрылған Самар ауданының кадастрлық коды 334 болмақ.

Бұған дейін қайта құрылымдау арқылы құрылған 3 облыстың көлік нөмірлері белгіленген еді.

– Жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлерлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19,Ұлытау облысы - 20, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға