Жаңалықтар

«Жаңа жасыңмен, Ұлы далам» фестивалі

«Жаңа жасыңмен, Ұлы далам» фестивалі
15.03.2018 05:35 2241

14 наурыз күні Атырауда көрісу мерекесін жаңғырту мақсатында тұңғыш рет «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форумының ашылу салтанаты өтті.

 Шара Махамбет-Исатай алаңында 2018 жылдың 14-15 наурыз күндері жалғасын таппақ.

 Екі күнге созылатын форумға  Қырғызстан, Түркия, Ресей, Өзбекстаннан т.б. 27 елді мекеннен арнайы  қонақтар шақырылған.

Форум аясындағы құттықтау сөз Атырау облысы әкімі Н.Ноғаевқа беріліп, «Барша қала қонақтары мен қала тұрғындарын бүгінгі «Көрісу» мерекесімен құттықтап, жүрек жарды ақ тілегін білдірді».

Шара барысында  «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» мәз-мейрам болысты.

Форумның ашылу салтанатына Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері белсенділік танытып, әр ұлт өздерінің құндылықтары мен ұлттық тағамдарын жайып, өз алдарына әшкерленген үйшіктерін құрды.

Атап айтсақ, «Навруз» әзербайжан, «Татулык» татар-башқұрт, «Иверия» грузин, Орыс, славян, казактар бірлестігі, «Тхоньил» кәріс, «Таврос» армян,  «Былина» орыс, «Светоч»  славян, «Довира» украин  этномәдени бірлестіктері белсене ат салысты.

Осы ретте биылғы жылы осы күннен бастап «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігіде алдағы уақытта өз одақтарын құруды жоспарлап, бұл күніде өздерінің салт –дәстүрлі тағамдарын жайып, халыққа өз қол өнерлерін паш етті.

Сондай-ақ, форумның ашылуында қалың көрерменге ұлттық құндылық – көрісу дәстүрін ұлықтайтын сахналық қойылым мен музыкалық бағдарламалар ұсынылды. 

Бұдан әрі қарай форум – республикалық ақындар айтысы,  Ф. Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби оқулар, Қазақ күресінен халықаралық чемпионат, Қазаақстан эстрада жұлдыздарының концерті, «Спикер #7»  жастар  зияткерлік конференциясы сынды  бәсекеге толы шаралар  өз жалғасын табатын болады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға