Жаңалықтар

Жаңаөзенде қару жасау шеберханасы жойылды

Операция барысында 4 жауынгерлік «Калашников» автоматы, өздігінен оқталатын 1 «Симонов» карабині және 48 оқ-дәрі тәркіленді.
Жаңаөзенде қару жасау шеберханасы жойылды
Фото: дереккөз 16.08.2022 05:38 2006

2022 жылғы тамызда Жаңаөзен қаласында қару дайындаумен және сатумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтті, деп хабарлайды EL.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзенде қару жасау шеберханасы жойылды

Жаңаөзен аудандық сотының шешімімен аймақтың тұрғындары «Б» және «Н» тиісінше 5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңаөзенде қару жасау шеберханасы жойылды

2022 жылдың наурыз айында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жаңаөзен қаласында қару-жарақ дайындайтын жасырын цехты жою бойынша арнайы операция жүргізген болатын. Қылмыскерлер техникалық жөндеу орталығында тапсырыспен атылмайтын қаруды жауынгерлік қаруға айналдырған. Қылмыстық бизнестері қарқынды жүрген топтың әлеуметтік желілерде кең таралған клиенттік базасы болған - делінген хабарламада.

Жаңаөзенде қару жасау шеберханасы жойылды

ҰҚК уақтылы қабылдаған шараларының нәтижесінде олардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді.

Операция барысында 4 жауынгерлік «Калашников» автоматы, өздігінен оқталатын 1 «Симонов» карабині және 48 оқ-дәрі тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға