Жаңалықтар

Жаңа оқулықтарды таныстыру жалғасуда

Жаңа оқулықтарды таныстыру жалғасуда
11.05.2018 12:19 2750

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» республикалық жобасын талқылау бойынша 11 мамыр күні М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің бас ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының бірыңғай күні өткізілді.  

Жаңа оқулықтарды жастарға кезекті таныстыру және түсіндіру жұмысын қаламыздағы іргелі оқу орындары ТарМУ мен ТарМПУ-нің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары ұйымдастырды.

Жиынға қатысушы оқытушылар мен студенттерге  П.Мамедова «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық»  жобасының негізгі бағыттары туралы ақпарат»,

Г. Гизатуллина  «Светлана Тер-Минасованың «Тіл және халықаралық мәдени коммуникация» кітабын талқылау»,  Р.Джуншеев «Ренессанс кітабы философияны зерделеудің маңызды көзі» және Д.Кульбаева «Социология және политология кітаптары қазіргі заман шындығын зерделеудің әдісі» атты баяндамаларымен таныстырды. Сондай-ақ,  «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасының мақсаты жайында түсіндіріп, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармалардың маңыздылығы жайында еркін форматта пікір алмасып, жан-жақты ой бөлісті.  

Жаңа оқулықтарды талқылау барысында жастардың білім деңгейін әлемдік дәрежеге көтеріп, шетелдің озық шығармаларын ерте жастан ынтығып оқуға баулу және бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру көзделеді.

Жарық көрген оқулықтардың барлығы дерлік  бәсекеге қабілетті жастарды даярлаудағы заманауи құндылығымыз.

          

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға