Жаңалықтар

Жаңа оқу жылында 89 мыңнан астам студентке жатақхана керек

Министрлік жатақханалардағы орындарға қажеттілік туралы деректерді жаңарту бойынша жұмыс жүргізді
Жаңа оқу жылында 89 мыңнан астам студентке жатақхана керек
Фото: El.kz 16.08.2022 11:52 960

28 ЖОО білім алушыларды 100% жатақханамен қамтамасыз ете алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz

«Болжам бойынша, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте ең үлкен қажеттілік Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады. Бұл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде -15 122 төсек – орын, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде - 4 500, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде - 4 000, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде – 3 000, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-5 000 төсек-орынға деген қажеттілік бар», - дейді министр.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға