Жаңалықтар

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде
11.12.2019 18:16 3149

Мемлекет көздеп отырған меже бойынша 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуі тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы даланың Ұлтаралық тілі» форумында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде

Қазақстан халқы Ассамблеясы аталмыш тақырыпта республикалық форум ұйымдастыру арқылы Президент жүктеген тапсырмалардың қандай дәрежеде орындалып жатқанын, түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді іс жүзінде қаншалықты меңгергенін нақты дәлелмен көрсетуді мақсат етті. Бұл жиынның ерекшелігі оған спикер ретінде қатысқан сөз сөйлеушілердің барлығы қазақ тілін еркін білетін өзге ұлт өкілдері болды.

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде

«Бүгінгі жиынды Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас» деген ұлағатты сөзімен бастағым келіп тұр. Елбасы жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында «Қазақ тілі баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс!» деп үнемі қайталап айтып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та биылғы халыққа арнаған Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» деген болатын. Мемлекеттік тіл мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керектігін де еске салғаны белгілі», - деді республикалық форумның ашылуында сөз сөйлеген Жансейіт Түймебаев.

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде

Аталмыш форумға еліміздің барлық өңірлерінен қазақ тілін жатық білетін, күнделікті тұрмыста қолданып, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген жүзден астам делегация өкілдері қатысты. Форум барысында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері бірқатар сауалдарға жауап беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Олар ашық алаң форматында ұйымдастырылған шарада қазақ тілін білу арқылы қалай жетістікке жетуге болатынын егжей-тегжейлі баяндап, тіл меңгеруде қандай әдістерге сүйенгенін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін не істеу керектігін айтты. Бір таңқаларлығы, қазақ тілінде еркін сөйлеген өзге ұлт өкілдерінің көбісі қазақ тілінің маржанын сүзу үшін, «Абай жолын» оқып шығу керек деген пікір білдірді.

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде

«Соның ішінде бүгінгі шараға қатысушылардан байқап қарасаңыздар, ортамызда отырған азаматтардың арасында түбі бір түркі тілдес елдерге қарағанда, славян тектес халықтардың өкілдері көптеп келіп отыр. Яғни, орыс, украин, неміс, беларус, поляк, латыш тағы басқа ұлттың жастарының арасында қазақ тілін жетік меңгергендердің көптігіне көз жеткіздік. Бұл қуанарлық жағдай, ауыз толтырып айтуға тұрарлық көрсеткіш», - деді Ж.Түймебаев.

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 86 пайызға жуықтаса, оның ішінде 35 пайыздан астамы өзге ұлт өкілдері болған.

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде

Форум аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этномәдени бірлестіктердің белсенділері ҚР Президентінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде

Ж.Түймебаев: Қазақ тілін славян тектес халықтардың өкілдері көптеп үйренуде

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға