instagram.com/janibek_alimkhanuly

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгіленді

23.09.2022 12:02

Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO белбеуін иеленгеннен кейін кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласын анықтады, деп хабарлайды El.kz.

BoxingScene.com сайтының мәліметінше, отандасымыз ұлыбританиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) қолғап түйістіреді.

Сонымен қатар, бокс басылымы қос спортшының 12 қараша Лас-Вегаста 12 раундтық жекпе-жек өткізетінін жазды. Дәл сол күні Әлімханұлы Top Rank ұйымдастырып отырған бокс кешінде жарақат алған Оскар Вальдесаның (30-1, 23 КО) орнына шығады.

Бұл жекпе-жек кешін ESPN+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.