Жәнібек Әлімханұлы Президентке уәде берді
28.08.2022 00:24
Фото:
instagram.com/janibek_alimkhanuly
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатына жауап берді, деп хабарлайды El.kz.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құттықтау жолдап, қанаттандырғаныңызға көп рақмет. Жаңа Қазақстанның жаңа әлем чемпионы атанып, қазақ елін қуантқаныма қуаныштымын. 4 жыл бұрын тарих жасаймыз деп Америкаға аттанып едік. Бүгін, міне WBO-ның әлем чемпионы титулын алған тұңғыш қазақ атандық! Қазір әлемдік спорт журналистері QAZAQ STYLE туралы жарыса жазып жатыр! Біз енді бастадық! Бұйыртса, төрт салмақта әлем чемпионы атанамыз! Әлемге QAZAQ STYLE-дың ерекше әлі мықты стиль екенін паш етеміз, тарихта қалдырамыз!» - деп жазды былғары қолғап шебері.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

