Жаңалықтар

Жүлделер өз иелерін тапты

Жүлделер өз иелерін тапты
06.11.2018 02:58 1800

Көкшетау қаласының Достық үйінде «Ресей және Қазақстан: біздің елдердің достығы мен бірлігі» іс-шарасы өтті.

Бұл жолы да АҚХА және «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен өткізіліп, қала тұрғындарының, мектеп оқушыларының, облыстық этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдерінің басын біріктірді.

«Русская песня» ансамблінің  (жетекшісі – Зоя Авилова) лирикалық әуендері мен Ақмола облысының татар және башқұрттары қоғамдық бірлестігінің «Ғалиябану» фольклорлық ансамбльінің ырғақты әрі көпдауысты әндері кезек-кезекпен шырқалды.

«Вайнах» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің орындауындағы «Лезгинка» биі көрермендер тарапынан үлкен қошеметке ие болды. Сонымен қатар «Этно» және «Мөлдір» хареографиялық ұжымдарының орындауындағы көңілді «Украин биі», «Малышня», «Чунга-чагна», «Конфетка» билері жиналған қауымға ерекше мерекелік әсер сыйлады.

ҚХА мүшесі, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы Александр Артеменко «Ақмола облысының орыс қауымымен» өзара ынтымақтастық үшін шығармашылық ұжымдарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға