Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі белгіленді

Сондай-ақ ең төменгі зейнетақы көлемі айтылды
Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі белгіленді
Фото: gov.kz 30.11.2022 20:38 1935

Зейнетақы жинақтарын баламалы мақсаттарға мерзімінен бұрын пайдалану шеңберінде 2023 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейін құрады.

«Шекті шамалардың кейбір өзгерістері жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің қолданылуымен анықталады», - делінген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында жарияланған хабарламада.

Қорда 2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайтынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға