©El.kz/Арман МУХАТОВ

Зейнетақы 2028 жылға дейін тағы өседі

2025 жылдың 1 қарашасындағы мәліметке сәйкес, Қазақстандағы мемлекеттік зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгеге жетті. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 8,4 пайызға жоғары. Алдағы жылдары да өсім жалғасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстанда зейнетақы жүйесі екі бөліктен тұрады: бәріне берілетін базалық төлем және 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтарға ғана тағайындалатын ынтымақты зейнетақы.

2025 жылға арналған орташа көрсеткіштер мынадай:

Базалық зейнетақы – 47 577 теңге

Ынтымақты зейнетақы – 95 167 теңге

Осылайша, жиынтық орташа зейнетақы мөлшері – 142 744 теңге.

2026-2028 жылдары не өзгереді?

Алдағы жылдарда базалық зейнетақы кезең-кезеңімен өседі:

2026 жылы ең төменгі базалық зейнетақы – 35 596 теңге

2028 жылы – 40 184 теңгеге дейін жетеді

Ең жоғары базалық төлем де ұлғаяды:

2026 жылы – 60 004 теңге

2028 жылы – 68 886 теңгеге дейін

Айта кетейік, ынтымақты зейнетақы болашақта төленбейді, себебі ол тек 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтарға ғана беріледі. Демек жылдар өте келе бұл төлем түрі жүйеден толық шығады.

Зейнеткерлер саны және бюджет шығындары

2025 жылдың қарашасында елде 2,5 млн зейнеткер тіркелген. Жыл басынан бері оларға жалпы 3,5 трлн теңге төленді:

1,1 трлн теңгеден астамы – базалық зейнетақы

2,4 трлн теңге – ынтымақты зейнетақы