«Зенит» басшылығы Нұралы Әліптің «Реалға» ауысуы мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді
28.12.2023 11:14
Фото:
TFR
БАҚ беттерінде қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпке Мадридтің «Реал» клубы қызығушылық танытып, қысқы трансфер кезінде жалға алуы мүмкін деген ақпарат тараған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл әңгіме жерлесіміз ойнайтын «Зенит» клубының басшылығына да жетіпті. Клубтың басқарма төрағасы Александр Медведев «корольдік» клубтың петерборлық команда қорғаушысына қызығушылық танытып отырғанын жоққа шығарды.
Өсекке қатысты пікір білдірмейміз, – деді Медведев.
24 жастағы Әліп «Зенитпен» 2022 жылғы желтоқсанда келісімшартқа қол қойды, оған дейін ол клубта жалға алу құқығымен өнер көрсетіп жүрген.
Биылғы маусымда ол «Зенит» сапында 23 матч өткізіп, мергендігімен көзге түскен жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

