Жаңалықтар

Зеленский: Ресей әскерінің Запорожьеде қалуы - Еуропаға төнген радиациялық қауіпті арттырады

Ресей әскерінің Запорожье атом электр станциясы мен еліміздің өзге де өңірлерінде қала беруі Еуропаға төнген радиациялық қауіп деңгейін арттырып келеді.
Зеленский: Ресей әскерінің Запорожьеде қалуы - Еуропаға төнген радиациялық қауіпті арттырады
Фото: president.gov.ua 16.08.2022 08:52 1046

40-тан астам мемлекет Ресейді Запорожье атом электр станциясынан әскерін әкетуге шақырды, деп хабарлайды EL.KZ "Хабар-24" арнасына сілтеме жасап.

Үндеу БҰҰ жанындағы Еуроодақ Өкілдігінің мәлімдемесінде айтылды. Өйткені әлемнің жетекші елдері қазір аталған нысанда болып жатқан жағдайға қатты алаңдаулы. Станция тұрақты түрде атқыланып жатыр. Ол жақта әлі күнге дейін украин мамандары жұмыс істеуде. Жалпы жағдай осылай жалғаса берсе, снарядтар ядролық қалдықтарға тие ме деген қауіп бар. 

Ресей әскерінің Запорожье атом электр станциясы мен еліміздің өзге де өңірлерінде қала беруі Еуропаға төнген радиациялық қауіп деңгейін арттырып келеді. Мұндай жағдай тіпті қырғиқабақ соғыс кезінде де болмаған. Сондықтан бұған қарсы қатаң әрекет ету керек. Украиналық дипломаттар мен серіктес мемлекеттердің өкілдері Ресейге салынатын жаңа санкциялар осы елдің атом саласын шектеуі үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды, - деді Украина президенті Влодимир Зеленский.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға