Жаңалықтар

Зеленский қазақстандық компанияларға санкция салды

Зеленский қазақстандық компанияларға санкция салды
Фото: instagram.com/zelenskiy_official 01.07.2023 18:02 1680

Украина президенті Владимир Зеленский 291 компанияға және 190 жеке тұлғаға санкция салған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Санкцияға іліккен заңды тұлғалардың ішінде Ресей мен Беларусьтен бөлек Грузия және Қазақстанның да өкілдері бар. Елімізден бұл тізімге Limited Liability Partnership «ITS – Astana» және «Tynys» АҚ бар. Оларға санкция бес жылға салынған.

ITS - Astana дәнекерлеу жабдықтарын сатумен айналысады. Компания басшысы – Надежда Гапотина.

АО Tynys 2003 жылдан бері «Қазақстан инжиниринг» компаниясының құрамына кіреді. 2012 жылдан бастап Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық ұланға арнап оқ өтпейтін жилеттер, соққыға қарсы қалқандар жеткізеді. Көкшетауда өндірілетін қорғаныс киімдерін Ресей мен Беларусьтің күштік құрылымдары да сатып алған.

Ал компанияның бас директоры – Мұхтар Керейбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға