Жаңалықтар

Үздік ғылыми жоба конкурсы комиссиясының бірінші отырысы өтті

Үздік ғылыми жоба конкурсы комиссиясының бірінші отырысы өтті
18.07.2018 07:05 1854

Ү.ж. 18 шілде күні Достық Үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жоба конкурсы комиссиясының бірінші отырысы өтті.

 Негізінен аталмыш жобаның міндеттері, Мемлекет басшысының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа форматы аясында қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясат саласында талантты жас ғалымдарды және сарапшыларды қолдау, қазақстандық бірегейлілікті нығайту мақсатында оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми әзірлемелерді жариялауға ықпал ету.

  Қоғам қайраткерлері, ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, Қарағанды облысының ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысқан конкурс комиссиясының құрамына Қарағанды облысы Қазақстан халқы Асамблеясы ғылыми-сараптама орталығының белді мүшелері енген. Әзірге төрт жоба қабылданып отыр және әлі де қабылдану жалғасады. Конкурс нәтижесі ағымдағы жылдың тамыз айында шығатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға