Жаңалықтар

Үздік медиатор мен ҚХА-ның үздік медиация кабинетіне конкурс жарияланды

Үздік медиатор мен ҚХА-ның үздік медиация кабинетіне конкурс жарияланды
19.10.2018 04:59 2754

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ «ҚХА-ның үздік медиаторы», «ҚХА-ның үздік медиация кабинеті» конкурстарын жариялайды.

Аталмыш конкурс қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында медиацияны насихаттау және дамытуға жәрдемдесу, өткізілетін медиативтік рәсімдердің сапасын арттыру, кәсіби емес медиаторлардың қызметі туралы ақпараттық кеңістік құру үшін өткізіліп отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Ассамблея жұмысының жаңа бағыттарын белгіледі, олардың бірі даулы жағдайларды сотқа дейінгі тәртіппен шешетін медиаторлар желісін дамыту болып табылады.

Осыған орай 2016 жылдан бастап «Қоғамдық келісім» КММ жанынан медиация кабинеттері ашылды және маман-медиатор штаттық бірліктері бекітілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына 2018 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістерге сәйкес, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы медиация институтының дамуына жәрдемдесу Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жоғарыда келтірілгендердің барлығын ескере отырып, сіздерді конкурсқа қатысуға шақырамыз және тиісті құжаттар пакетін 2018 жылғы 30 қазанға дейін mediator.ank@mail.ru  эл.поштасына жолдауың сұраймыз, тел. 8/7172/74-12-38.

(Ереже қоса беріледі).

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға