Зарина Нұрғалиева шахматтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
17.09.2022 01:12
Фото:
Қазақстан шахмат федерациясы
Қазақстанның жас шахматшысы Зарина Нұрғалиева Румынияда өткен 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы Facebook-те Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов жазды.
Сондай-ақ чемпионатта Қазақстан атынан Қазыбек Нөгербек 18 жасқа дейінгі санатта күміс медальді, ал Ансат Алдияр 14 жасқа дейінгі санатта қола медальді еншіледі.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санаттар бойынша бейресми медальдық есепте әлемнің 72 елінің арасында екінші орынға орнықты.
"Балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары Евгений Владимиров пен Антон Филипповты және спортшылардың жеке жаттықтырушыларын тамаша нәтижемен құттықтаймын!, - деп жазды Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

