Жаңалықтар

Зарина Диас Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Зарина Диас Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 24.09.2024 17:53 336

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Бейжіңдегі (Қытай) WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іріктеу бәсекесінің финалдық кезеңінде Зарина британиялық Хитер Уотсонды екі сетте оңай жеңді. Алғашқы партия 6:0, екіншісі 6:2 есебімен аяқталды. Бұған дейін Зарина Диас кеше Ребека Машаровадан басым түскен.

WTA 1000 China Open-2024 турнирінің негізгі кезеңі 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға