Жаңалықтар

Зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резервтен көмек көрсетіледі

Зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резервтен көмек көрсетіледі
Фото: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі 07.04.2024 16:34 507

Елімізде су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті әкімдіктердің өтінімдерін қарастырып және сұратылған тауарларды жіберіліп жатыр. Мемлекеттік материалдық резервтер номенклатурасына сәйкес резервтің қоймаларында тамақ өнімдері, төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар – арнайы және автомобиль техникасы, шатырлар, төсек-орын жабдықтары және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті басқа да тауарлар сақталады.

Бұл туралы Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Руслан Ормағамбетов ОКҚ алаңында хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін мемлекеттік материалдық резервтен 51 бірлік арнайы және автомобиль техникасы, оның ішінде экскаваторлар, вахталық автомобиль, балшық сорғылары, автосамосвалдар, шатырлар мен төсек-орын жабдықтары шамамен 15 мың 400 адамға 1 млрд 474 млн теңгеге шығарылды.

Мемлекеттік материалдық резервтен берілетін техника мен тауарлар осы төтенше жағдайды жою үшін жаңа, заманауи және қажетті тауарлармен жабдықталған. Тауарлар «Резерв» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қоймаларында еліміздің 10 өңірінде орналыстырылған, - деді Руслан Ормағамбетов.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға