Зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтеледі - Скляр
08.04.2024 09:17
Фото:
t.me/KZgovernment
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр СҚО-да су басқан ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су басқан аймақты инспекциялау барысында Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна аулының тұрғындарымен кездесті, онда 8 үй су астында қалды.
Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.

