"Зардап шеккендер бар": Астанада бір тәулікте 140-тан астам жол апаты тіркелді
13.10.2024 12:03
Фото:
© Kandinsky
Астанада кеше алғашқы қар жауып, түнде көктайғақ орнады. Қолайсыз ауа райынан өткен 140 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көктайғақ болуына байланысты 12 қазанда елордада 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті. 13 қазанда түнгі 00:00-ден 08:00-ге дейін 28 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты қатаң сақтауға, жеке көліктерді жол бойында қалдырмауға, сондай-ақ ережелерді сақтауға шақырады.
Астана тұрғындарына ұзақ сапарға көлікпен жолға шықпауға кеңес берілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

