Жаңалықтар

Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті

Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті
Фото: primeminister.kz 10.10.2023 13:07 845

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды орындау мақсатында құрылған.

Оның құрамына Үкімет мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері кірді.

Комиссияның негізгі міндеттерінің бірі – жүйелі шараларды жүзеге асыру, заңсыз шығарылған капиталды елге қайтарудың әдістері мен тетіктерін әзірлеу.

Бұл ретте барлық шешімдер еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси мүдделерін ескере отырып, алқалы түрде, ашық және бейтарап қабылданады.

Отырыс барысында комиссия мүшелерінің назарына заңда көзделген рәсімдер шеңберінде активтерді мемлекетке өз еркімен және мәжбүрлі түрде қайтаруға дайындық туралы ақпарат ұсынылды.

Жақын арада Комиссияның қарауына комитетпен ынтымақтастыққа дайын тұлғалардың активтерді өз еркімен қайтаруы жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ тізілім арқылы әрі қарай заңда көзделген түрлі талап қою шаралары кешенін іске асыра отырып, өзге тұлғаларға қатысты мәжбүрлі түрде қайтару жөнінде ұсыныстар шығарылатын болады.

Премьер-Министр жұмысты ведомствоаралық тығыз ынтымақтастық негізде және артық бюрократиясыз шұғыл ұйымдастыруды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға