Жаңалықтар

Заңнаманы бұзған шетелдіктер елден шығарылды

Заңнаманы бұзған шетелдіктер елден шығарылды
Фото: polisia.kz 09.02.2023 21:00 942

Үндістанның үш азаматы ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден тысқары шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көлік полицейлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 121 азаматты, оның ішінде 86 шетелдікті Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Оның айтуынша, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 19, 21 және 32 жастағы Үндістан азаматтарын анықтады.

Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға