Жаңалықтар

Заңда әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру туралы бап пайда болады

Заңда әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру туралы бап пайда болады
Фото: © ОКҚ 30.10.2023 03:28 673

Қорғаныс министрлігі әскери қызмет өткергендерге берілетін жеңілдіктер спектрін кеңейту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мәлім етті.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы жұмысқа алынды. Бұл – депутаттардың өз бастамасы.

 «Осы Заң жобасы шеңберінде биылғы жылы пилоттық жоба ретінде сынақтан өткен білім беру жеңілдіктерін беруді заңнамалық түрде реттеу жағы қарастырылуда. Яғни, кез келген ЖОО-ға ҰБТ-ны есепке алмай ақылы негізде елдің түсу мүмкіндігі; Ғылым және жоғары білім министрлігінің квотасы шеңберінде мерзімді әскери қызметтен кейін екі жыл ішінде білім беру мемлекеттік грантын алу мүмкіндігі; мерзімді әскери қызмет атқарған және ЖОО-ға ақылы немесе тегін негізде түскендер үшін жатақхана алуға басымдықты мүмкіндік беру. Аталған жеңілдіктерді қазір депутаттар және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар қарап, мақұлдау үстінде. Тағы бір айта кетерлігі, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңында «Әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері» туралы бап пайда болады», - деп тоқталды министрдің кеңесшісі.

Бұдан басқа, әскери қызмет өткеру мерзіміне жұмыс орнымен бірге лауазымын да сақтау бойынша кепілдіктер енгізілуде. Банктердегі кредит немесе МҚҰ-дағы қарыздар бойынша төлемді кейінге қалдыру да заңдастырылатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға