«Заң және тәртіп»: Маңғыстауда есірткіге қарсы күрес шаралары күшейтілді
Маңғыстауда «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында маусым айында есірткіге қатысты 36 құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ілияс Жұмағұлов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, оның ішінде 4 есірткі қылмысы мен 32 есірткіге қатысты қылмыстық теріс қылық тіркелген.
Заңсыз айналымнан 3 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Тәркіленген есірткілердің ішінде 1,8 келі синтетикалық есірткілер («альфа-PVP», «мефедрон» және т.б.) және 1,2 келі марихуана бар. Айта кету керек, маусым айында ірі есірткі сатушысы ұсталды. Одан 1,7 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Айлық шеңбері аясында 47 профилактикалық іс-шара өткізілді, олар 1 500-ден астам тұрғынды қамтыды. Осы шаралардың қорытындысы ретінде 26 маусымда Каспий теңізінің жағалауында «Нашақорлықпен күрестің халықаралық күніне» арналған ауқымды акция ұйымдастырылды. Өңірлік полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы күресті «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде жүргізіп, нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарын жалғастыра беретінін мәлімдейміз, - дейді Ілияс Жұмағұлов.

