Жаңалықтар

Заң және тәртіп: елорда мектептерінде «Қауіпсіздік сағаты» жобасы жалғасты

Заң және тәртіп: елорда мектептерінде «Қауіпсіздік сағаты» жобасы жалғасты
Фото: Астана қалалық әкімдігі 05.12.2024 10:21 332

Астанадағы №111 орта мектебінде «Қауіпсіздік сағаты» қалалық жобасы шеңберінде өскелең ұрпақ арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ата-аналар жиналысы өтті. Жиынға 250-ге жуық ата-ана қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, ата-аналар жиналыстары қаланың барлық мектептері мен колледжерінде оқу жылы бойы өткізіліп келеді.

Мемлекет басшысы қауіпсіздік туралы Ұлттық құрылтайда және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында да айтқан болатын. Себебі бұл – үлкен проблема. Оның ішінде балаларға байланысты проблеманың ең үлкені – нашақорлық пен лудомания. Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесі вейпқа қатысты күрес жүргізді. Салауатты қоғам құру үшін аналардың атқаратын жұмысы – соның ішінде ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу, рухани құндылық. Ұлтты сақтайтын тіл, діл және дін. Осы үш құрылымды да отбасы қалыптастырады. Оған жауапты ана, - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі саясат бойынша ұлттық комиссияның мүшесі, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи.

Ата-аналар жиналысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы отбасының рөлі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың белгілі бір түрлері үшін ата-аналардың жауапкершілігі және т.б. мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар ата-аналар жиналысында Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Ырза Тұрсынзада қатысып, отбасы құндылықтары мен қолөнер жөнінде сөз сөйледі.

Бала қауіпсіздігі ата-ана, педагог, әрбір ересек адам үшін басымдыққа ие болуы тиіс. Баламен ашық диалог құру, оның өміріне ұдайы қатысып отыру, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу – бұл проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар. Ата-аналардың міндеті тек баланың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, сонымен қатар өз баласымен оны әрқашан тыңдауға және көмектесуге дайын екенін білдіретін сенімді қарым-қатынас қалыптастыру. Бала біздің болашағымыз, олардың саламаттылығын сақтау тікелей бізге байланысты, - деді Астана қаласы Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлсім Хасенова.

Сондай-ақ ата-аналарға балалар қауіпсіздігі, электронды темекі сатудағы шектеулер, балалардың түнгі уақытта көшеде жүру туралы және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға