15 Желтоқсан 2025, 10:42

Заң не дейді? Отбасылық дау, киберқауіп және буллинг

Бұл шығарылымда заңгер Орынбасар Тілепберген қоғамда жиі көтерілетін алимент төлемеудің дауы, алаяқтықтың жаңа тәсілдері және буллингтің салдары туралы сөз қозғады. Кейде тұрмыстық жағдайлардан басталған жанжалдың арты заңдық дауға ұласып жатады. Біреу алиментті «отбасылық шаруа» деп қабылдаса, заң бұл міндетті нақты талаппен реттейді. Алаяқтыққа келсек, цифрлық дәуір алаяқтардың әдісін түрлендіріп, мұқият болуды екі есе маңызды етті. Ал буллинг тек мектептегі мәселе емес, адамның психологиясына, әлеуметтік ортаға ұзақ уақыт әсер ететін құбылыс. Бағдарлама барысында заңгер нақты оқиғаларға сүйене отырып, алимент өндіріп алу кезіндегі құқықтар мен міндеттерді, интернет-алаяқтықтан қалай сақтану керегін, буллинг құрбаны болған жағдайда қандай әрекеттер жасауға болатынын түсіндірді. Қандай баптар қолданылады? Қай жағдайда адам қылмыстық, қай кезде әкімшілік жауапкершілікке тартылады? Жәбірленушінің құқығы қалай қорғалады? Толығырақ шығарылымнан көріңіз!